Date of publication: 13.02.2018 18:13
Date of changing: 13.02.2018 18:14

 

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды 2018 жылғы 11 қаңтардан бастап үшінші елдерден тері бұйымдарын импорттаған кезде, тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, «импорт» ретінде тері бұйымдарын таңбалау қажет. 

Сонымен қатар, Бірлескен бұйрықпен бекітілген Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз ететіндігін хабарлаймыз. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

Сонымен бірге, Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 23-тармағына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде кедендік рәсімдермен орналастырған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді.

 Кәсіпкерлер енді тері бұйымдарына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін басылғаннан кейін ғана сатуға (оның ішінде сату/қайта сату кезінде тері бұйымдарын өндіру импортынан соңғы өткізгенге дейін) міндетті.