Date of publication: 10.08.2015 16:44
Date of changing: 10.08.2015 16:47

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы Қазақстан Республикасының бірнеше Заңдарынан және Президенттің Жарлықтарынан тұрады.

         Қазақстан 1998 жылы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңнаманы  қабылдады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негіздерін, принциптерін және әдістерін айқындады.

Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау арқылы мемлекеттiк органдардың және олардың қызметшілерінің тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Онда сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерi белгіленген, оларды жасағаны үшін жауаптылықтың пайда болу жағдайлары айқындалған,  бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық  мемлекеттік органдарға жүктелген.

1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қабылданды, онда мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері белгіленген, мемлекеттiк органдардың өкілеттіктері регламенттелген. Қазақстан Республикасы  мемлекеттік  қызметінің  жаңа үлгісінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, бұл заңға  мемлекеттік  қызметке түсудің  тиімді және айқын тетіктерін, меритократия принциптерін, бағалау және мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, «А» басқарушылық корпусын жасау бөлігінде түзету енгізілді, бұл ретте Заң «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы» жаңа тарауымен толықтырылды.  Осылайша заңнамалық деңгейде этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мінез-құлықты сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілердің  міндеттері  белгіленді.  Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың   мемлекеттік  қызметке түсуі үшін шектеулер  көзделген.  Сыбайлас  жемқорлық  немесе қылмыс жасағаны үшін бұрын  жұмыстан  босатылған   тұлғаларға  мемлекеттiк органдарда  және ұйымдарда кез келген лауазымға орналасуға өмірлік  тыйым  енгізілген.  Мүдделер қақтығысы  мәселесі  бойынша  түзетулер енгізілді. Мүдделер қақтығысы   пайда болумүмкін  жағдайлар  тізбесі нақтыланған. Осыған байланысты мемлекеттік  қызмет тоқтатылғаннан кейін  коммерциялық ұйымдарға жұмысқа орналасу бойынша шектеулерді сақтамағаны үшін тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі енгізілді.

Жоғарыда аталған  Заңдарды орындау үшін және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Павлодар облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  қызметкерлер  арасында  аппараттық оқулар, құқық қорғау органдары өкілдерінің  қатысуымен  семинарлар өткізіледі. Бұдан басқа,  Департаменттің ғимаратында «шағымдар мен ұсыныстар жәшігі» орнатылған,  тәулік бойы  сенім телефоны (53-55-71) жұмыс істейді, онда мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері  туралы хабарламаны қалдыруға болады.

         Осылайша, жоғарыда аталған  Заңдардың нормаларын мүлтіксіз сақтау, қолданылған шаралар және жоспарланып отырған іс-шаралар  салық және кеден қарым-қатынастарындағы  сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне тиімді және мақсатты  қарсы тұруға,  мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа бейімділігі  деңгейінің  көрсеткішін  елеулі төмендетуге қол жеткізуге, соның ішінде  мемлекеттік кірістер органдарының беделін және азаматтар мен  кәсіпкерлік  субъектілерінің  оларға сенімінің артуын көтеруге жағдай жасайды.