Date of publication: 22.06.2018 10:05
Date of changing: 22.06.2018 10:06

Павлодар облысының барлық  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелерінде салықтық және кедендік әкімшілендірудегі заңнамасындағы өзгерістер бойынша  Ашық есіктер күні болып өтті.

Іс-шара барысында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуат Белгібаев өзінің сөзінде: «Қазақстандағы салық және кеден заңнамасы, еліміздің экономикасына сай, үнемі жақсарылып, жетілдіріп отырады»,- деп айтты.   

Жаңа Салық кодексі  Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына  

     Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»    

     Жолдауын жүзеге асыру бағытын көздейді. Үшінші басымдық – салық-бюджет

     саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Салық саясатын бизнестің     

     «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны

     кеңейтуге бағыттау керек. Кодексте қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру

     бойынша және жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық

     режімін жаңаша қарастыру туралы өзгерістер көрсетілген.

Қуат Белгібаев, жаңа кодекстің идеологиясы – адал  салық төлеушілердің  

    қызығушылықтарын қорғауға көзделген, яғни барлық сұрақ тудыратын   

    мәселелер салық төлеуші пайдасына талқыланады, салықтық және кедендік

    есептеулер шарттар талаптары күшейеді деп айқындады.

         Мемлекетік қызмет көрсету басқармасынның басшысы – Е.И. Ғаббасов салық төлеушілерді 2020 жылдың 1- қаңтарынан күшіне енетін жеке тұлғалардың кірісі мен мүлігі, жалпыға ортақ декларациялау туралы хабардар етті.

«Түбіртек талап ет - жүлде ұтып ал» жалпыреспубликалық науқанының өту туралы, түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы – Г.В. Бирюкова сөз етті.

               Сонымен қатар, сыбайлас жамқорлыққа қарсы сұрақтар төңірегінде ішкі  

      қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Қ. Сырымов

      әңгімеледі.

         Ашық ескітер күніне 80-нен астам салық төлеуші қатысты. Бұл күні салық төлеушілер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алса, олардың 30-дан астамы кеңес алды. Жиналғандардың сұрақтарына Департаменттің тәжірибелі мамандары жауап берді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы