Date of publication: 22.09.2015 12:06
Date of changing: 22.09.2015 12:10

Кеден

 одағы шекарасынан өтетін жеке

тұлғаларға жаднама

     

 

 Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты келісімге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға бағалық және салмақтық норма, кедендік төлемдерден босатылуы қарастырылған (Санк-Петербург қ. 15 маусым 2010ж).

     Жеке тұлғалардың алып өтетін тауарларының сомасы, кедендік төлемдерден артпаса, кедендік төлемдерден босатылады:

Өткізу әдісі

Салмақ және сомасы

Көліктің басқа түрлері

50 кг  артса  1500 евро

Әуе көліктері

50 кг  артса 10000 евро

2015 жылдың 31 наурызында ҚР Қаржы Министірлігі № 250 бұйрығымен « Кеден одағы кеден шекарасы арқылы алып өтетін жеке тұлғалардың жеке қолданылатыныстағы тауарларына» (бұдан әрі – Бұйрық), жиі өткізілетін тауарлардың, көлеміне немесе сипаттамасына байланысты, келесі өлшемдер қарастырылған:

1.      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспау керек.

2.      Жеке қолданысқа жатпайтын тауарлар:

Тауардың аты

саны

нұсқаулық

Жеке қолданысқа жатпайтын тауарлар

-   Шикізат

-   Тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикатта;

-   Жинақтаушы бұйымдар болып табылса

 

 

Олардың саны төмендегі көрсеткіштерден асса, жеке қолданысқа жатпайды

Киім және киім заттары

2 (екі) зат

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі

Төсек-орын керек жарақтары

2 (екі)  жиынтық

Бір адамға бір түрдегі

Кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар

 

2 (екі) зат

 

Бір адамға бір атаудағы

Бас киімдер

2 (екі) зат

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі

Аяқ киім

2 (екі) зат

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі

Аң терісінен жасалған бұйымдар

1 (бір) зат

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі

Былғарыдан жасалған бұйымдар

1 (бір) зат

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі

Дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар

 

3 (үш) зат

 

 

Бір адамға бір атаудағы

Тамақ өнімдері

10 (он) килограмм

Бір адамға

Ұялы телефон

2 (екі) бірлік

Бір адамға

планшет

2 (екі) бірлік

Бір адамға

Портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек жарақтары

 

2 (екі) бірлік

 

Бір адамға

Тұрмыстық техника және электр аспаптары

1 (бір) зат

бір адамға әр атаудағы

Зергерлік бұйымдар

5 (бес) зат

Бір адамға

велосипед

1 (бір) дана

Бір адамға

Бала арбасы

1 (бір) дана

Бір адамға

Жоғарыда көрсетілмеген, басқада жеке қолданысқа жататын тауарларға

 

 

2 (екі) зат

 

 

бір адамға бір атаудағы

Көлік құралдары

1 (бірлік)

жылына

 

(көрсеткіштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда)).

 Жоғарыдағы көрсеткіштерге сәйкес келмесе, кедендік бағаның 30% көлемінде біріңғай ставка бойынша, бірақ 1 кг-ға 4 еврадан кем емес  кедендік төлем ұсталады.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті