Date of publication: 10.10.2018 17:11
Date of changing: 10.10.2018 17:12

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал» республикалық науқанының 1 деңгейінің 2018 жылғы қыркүйек айы бойынша жеңімпаздары анықталды.

Акция екі кезеңнен тұрады – облыстық және республикалық деңгейде. Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чектерді кездейсоқ таңдау арқылы ай сайын анықталады. Ендеше, неғұрлым көп түбіртек жіберілсе, соғұрлым қатысушының ұтысқа ие болуға мүмкіндігі көп болады. Барлығы101 906 түбіртек жіберілді. 1652 кісі қатысты.

«WIPON» талдау орталығы 2018 жылғы қыркүйек айында ұтыстың жеңімпаздарын кездейсоқ түбіртек таңдау арқылы анықтады:

Бірінші жеңімпаз (ID чека № 7035049)  Никипелова Екатерина Валерьевна, ұтыс – Elenberg электр шәйнегі;

Екінші жеңімпаз ( ID чека №7096997 Гурьба Оксана,ұтыс –«Elenberg» қуыру табасы;

Үшінші жеңімпаз (ID чека № 7174021)  Закирова Татьяна Александровна,ұтыс–  «Elenberg» фені;

Айта кету керек, Закирова Татьяна Александровна биылғы жылы екінші рет жеңімпаз атанған болатын – бұған дейін ол электр шәйнегін жеңіп алды.

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова  жеңімпаздарды құттықтап, барлық павлодарлықтар науқанда қатыса, салық заңнамасының сақталуы бойынша қоғамдық бақылауға қатыса алатының және жүлде ұтып алатының айтты.

 

Павлодар облысы бойынша МКБ түсіндіру жұмысы басқармасы