Date of publication: 11.10.2018 09:58
Date of changing: 11.10.2018 09:59

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы тауарлармен электрондық сауда тұжырымдамасы айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.

Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100% азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Сондай-ақ Заңның 48-бабының сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1% мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2% мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде тіркелген салық төлеушілерге Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық преференциялар беріледі.

Салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру мақсатында салық кодексімен келесі назарда ұстайды.

Салық кодексінің 28 бабының 2 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты  тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және салық төлеушімен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, 293-бабының 1 тармағының 65) тармақшасыны, 3-тармағын, Заңның 33-бабының 2) тармақшасыны сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау жүргізіледі.