Date of publication: 22.10.2018 17:17
Date of changing: 22.10.2018 17:18

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында шот-фактураны электронды нысанда ерікті жазуға мүмкіншілік көзделген (ЭШФ). Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактура жүйесін (ЭШФ АЖ) қолдану тегін жүзеге асырылады. Шот-фактураны электрондық нысанда жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын ЭШФ АЖ жүзеге асырылады.

Егер, салық төлеушімен шот-фактура бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жазылған жағдайда, түпнұсқа болып ЭШФ АЖ енгізілген құжат болып табылады. ЭШФ-ның қағаз жеткізгіште және де электрондық нысанда көшірмелері болуы мүмкін.

Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес, шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі (жаңа нұсқа).

Салық төлеушілерге ЭШФ келесідей артықшылықтарды береді.

  • Қағаз тасығышта шот-фактуралардың  жазып беру мерзімі 7 күн болса,  ЭШФ жазып беру мерзімі  15 күнге ұлғайтылған.
  • ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
  • Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
  • Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
  • Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).
  • Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
  • Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
  • Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
  • Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
  • Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.