Date of publication: 23.10.2018 16:12
Date of changing: 23.10.2018 16:13

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.

Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.

Бұл ретте, еgov.kz порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Ол үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz и другие) төлеуге болады.