Date of publication: 06.11.2018 16:33
Date of changing: 06.11.2018 16:35

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 26.12.2017 жылғы №123-VI Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 2018 жылдың 01 қаңтарында іске қосылды. Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымдық тұлғалардың кедендік бақылауды жүргізу кезінде іс-қимылдарын реттейтін жаңа бұйрықтар іске қосылды. Осы бұйрықтардың біреуі Кодекстің 412 бабы 2-тармағы мен 413 бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Кедендік қарап-тексеру мен жете тексеруді өткізу ережелерін бекіту туралы» 14.02.2018 жылғы №188 бұйрығы болып табылады.

Кодекстің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады.

Кедендік жете тексеруді жүргізу үшін:

- кедендік жете тексеру жүргізуді көздейтін автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінде кездейсоқ іріктеу әдісі немесе тәуекел бейінінің іске қосылуы;

- жөнелтуші кеден органы жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген суреттерінің оң жақ бетіне қойылған Инспекциялық тексеріп қарау кешенінің (бұдан әрі – ИТК) "ИТК бақылауы күдікті" деген мөртабанның болуы;

Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) немесе кедендік мақсаттарда ақпаратпен алмасу туралы халықаралық келісімдер бар шетелдердің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ықтималды тәуекел (бағдарлар) туралы ақпараттардың болуы;

«Еркін кедендік аймақ» және «Еркін қойма» кедендік рәсімдерін қоспағанда, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген мәлімделген кедендік рәсімдер шарттарына сәйкес кедендік тазарту кезінде тауарларды сәйкестендіру қажеттілігі;

Кодексте көзделген кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану кезінде уәкілетті лауазымды адамға белгілі болған, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілерінің болуы;

Кедендік тексеріп қарау жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға, егер бұл тұлғалар белгілі болса, декларантқа немесе тауарға қатысы өкілеттігі бар өзге тұлғаға кедендік тексеріп қарау жүргізілетін орны және уақыты туралы жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.

Тәуекелді басқару жүйесінің тиісті ұсынымдар болған жағдайда, тәуекелдің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды (кедендік бақылауды) қолдану туралы хабарламаны басып шығарылады және беріледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеріп қарауды, оны толық аяқтау үшін жеткілікті мерзімде кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде тауарлар шығарылғанға дейін, мемлекеттік кіріс органы басшысының, оның уәкілетті басшы орынбасарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың жазбаша рұқсатымен жүзеге асырады.

Кедендік жете тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам осы тараудың мынадай ережелерін:

1) кедендік жете тексеру тауар партиясында өткізілетін тауарлардың (осы тармақтың 5) тармақшада көрсетілген тауарларды қоспағанда) барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып (осы тармақтың 3) және 4) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі.

Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам мынадай оперцацияларды (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) жүргізуді қамтамасыз етеді:

  • тауарларды толық өлшеу;
  • барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта санау;
  • барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санау;

2) біркелкі таңбалармен, біркелкі орамдағы біртекті тауарларға (Сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚТН) он белгі дейіндегі бір кодының тауарларына) қатысты кедендік жете тексеру, кейін есептеу жолымен тауардың барлық партиясының санын және салмағын анықтай отырып, тауар орамының әрбір түрінің тек 1 (бір) данасын ашу, қайта санау және өлшеу жолымен жүргізіледі.

3) егер, көлік құралына біртекті тауарлар (СЭҚ ТН он белгі дейіндегі бір кодының тауарлары) тиелген жағдайда көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын қалыптастыра отырып, тауарларды ішінара түсіру жүргізіледі. Үйіп, бос, құйып өткізілетін тауарлар бойынша түсіру жүргізілмейді.

Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тек бір жүк орынын (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес) ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

4) егер көлік құралына тез бұзылатын тауарлар тиелген жағдайда, көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын құру жолымен тауарларды ішінара түсірілу жүргізіледі.

Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген, талаптарды сақтай отырып, тауардың әрбір атауын ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

5) төменде көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты кедендік жете тексеру уақытша сақтау орындарында орналастырылған көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге (көлік құралынан тауарларды түсірмей) бейне түсірілім немесе тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы, міндетті түрде:

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасында есепке алынып тіркелген, халықаралық ұйымның мекенжайына жеткізілетінін;

- дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар салдарларын жою мақсатында жеткізілетінін;

- дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктері, ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер ресми пайдалануы үшін өткізілетінін және көзделгендігін;

- көлік құралдарының тауар ретінде мәлімделгендігін;

- заттардың, кедендік жете тексеру жүргізетін лауазымды тұлғаның өміріне және денсаулығына қауіп-қатер келтіруі мүмкін және арнайы таным және (немесе) жарақтандыруды талап ететінін;

ЕАЭО кедендік аумағына келу орнында мемлекеттік кірістер органдары кедендік жете тексеруді жүргізген тауарларға, ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері кедендік жете тексеруді жүргізілген тауарларға, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде межелі кеден органы кедендік жете тексеру жүргізілген тауарларға қатысты, кедендік жете тексеру актісінің тұпнұсқасы бар болған жағдайда, оған сәйкес кедендік жете тексеру жүргізудің көлемі мен дәреже, іске қосылған тәуекел бейінінде көзделген көлем мен дәрежеден асатынын, сондай-ақ кедендік жете тексеруге тауар партиясы алғашқы кедендік жете тексеру жүргізілген кезде, сол көлемде ұсынылған жағдайды;

габаритті емес және ірі салмақты тауарлардың, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 (Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларына сәйкес берілген тасымалдауға арнайы рұсаттары бар екендігін;

тауар топтарының тізбесіне және СЭҚ ТН тауар позицияларына сәйкес тауар топтарында және СЭҚ ТН тауар позицияларында сыныпталатын тауарлар, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге бейне түсірілім не уақытша сақтау орындарына орналастырылған тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы оларға қатысты кедендік жете тексеру жүргізілетінін түсіндіріп;

6) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың мөлшері қосымша өлшем бірлігінде (данада, жиынтықта, жұпта және басқа бірліктерде) көрсетілген және бұл ретте төленуге тиіс кедендік баждар сомасы тауардың салмағына байланысты болмаған жағдайда, егер автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде өзгеше көзделмесе, кедендік жете тексеру барысында тауарларды өлшеу жүргізілмейтінін;

7) автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде, бейне түсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін үздіксіз бейне түсірілімді жүргізуді қамтамасыз етуді басшылыққа алады.

Орамдарды ашуды уәкілетті лауазымды адам декларанттың немес оның өкілінің қатысуымен жүргізеді.

Декларанттың немесе оның өкілі болмаған жағдайда орамды ашу екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілердің) қатысуымен жүргізіледі.

Жүк орындарын ашу олардың тұтастығын және олардың сәйкестендіру құралдарын бұзуды, кейін олардың орамдарынан (жәшіктерден, қораптардан), технологиялық ыдыстардан, тауарлардың мөлшерін және атауын, шығарылған елін айқындау және басқа да мәліметтерді алуды бақылауға мүмкіндігін алу үшін арнайы жасалған жасырын орындардан тауарлардың жекелеген бірлігін алуды, басқа тауарлар түрінде өткізілетін тауарларды анықтауды көздейді.

Тауардың сипаттамасы туралы мәліметтер жеткіліксіз болған және тауарды сәйкестендіру үшін айқындалған тану белгілері болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 466-бабына сәйкес кедендік сараптама тағайындайды және тауардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.

Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар фактілерін белгілегеннен кейін, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға материалды экономикалық тергеу қызметіне жолдайды.

Сонымен қатар, Кодекстің 150 бабы 3-тармағы 7)-тармақшасына сәйкес 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге тиіс сомаларын толықтырып есептеуге алып келген бұзушылықтарды тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы анықтаған кезде, осындай бұзушылықтарды кеден органы анықтаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларант төленуге тиіс кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын толық көлемде төлеген жағдайларда тартылмайтынын атап айтқан жөн.