Date of publication: 05.12.2018 16:42
Date of changing: 05.12.2018 16:43

          Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілердің тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуледі жүзеге асырған кезде шот-фактураларды электронды түрде (ЭШФ) жазып беруге міндетті екендігін назарларына жеткізеді.

          Шот-фактураларды электронды түрде  жазып беру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты kgd.gov.kz орналастырылған  «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (бұдан ары-ЭШФ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.     ЭШФ АҚ тіркеу үшін электронды  сандық қолтаңбаның болуы, осыған байланысты ЭСҚ алу үшін орналасқан орны бойынша ХҚКО жүгіну қажет.

          Бұл ретте заңды тұлғаларға, заңды тұлға үшін және ұйымның басшысы үшін ЭСҚ-ны алуы қажет, ал дара кәсіпкерлерге ЭСҚ-ны ДК атына алу жеткілікті.

          Бұдан әрі, ЭСҚ кілтін алғаннан кейін, esf.gov.kz сайтының ЭШФ АҚ тіркелуі және 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып беруді іске асыруы қажет.

          Салық төлеушілермен шот-фактураларды электронды түрде жазып беру тәртібін бұзғандығы үшін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексімен әкімшілік сипаттағы (280-1 бап) шаралар көзделген.

          Әкімшілік айыппұлдарды салуды болдырмау үшін, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық ҚҚС төлеушілерге уақытылы 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып беру үшін ЭШФ АҚ тіркеуден өту қажеттілігін ескертеді.