Date of publication: 07.12.2018 12:12
Date of changing: 07.12.2018 12:13

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

     - тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

-        тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

     - тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

          Жаңа Салық кодексімен интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң түсінігі берілген.

          Тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер  жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде ​​ тіркеу есебіне қоюға жатқызылады.

          Сонымен қатар, тауарлармен электрондық саудада  жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою, Салық кодексінің 4-бабының екінші абзацына сәйкес, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (Хабарлама осы сайттың «Электрондық сауда» қосымша парақшасында орналасқан ) негізінде жүргізіледі.

          Аталған хабарлама,  салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

          Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күн ішінде Комитеттің интернет-ресурсына (Электрондық сауда қосымша парақшасы) салық төлеушілердің тізімі орналастырылады.

          Салық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші Салық кодексінің 302 бабына  сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.

Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес.

Салық төлеушілер, банкттік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және екінші деңгейлі банкттер,  тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардан алынған мәліметтер, сондай-ақ салық төлеушілермен жазып берілген ЭШФ негізінде, Заңның 33-бабы                    2) тармақшасы, Салық кодексінің 293-бабы 3-тармағы, 1-тармағы 65) тармақшасын сақтау бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізіледі.