Date of publication: 10.01.2019 10:54
Date of changing: 10.01.2019 10:55

Экономикалық қылмыстар деп түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынуды іске асыру процесін қамтамасыз ететін қаржылық-экономикалық қатынастарға қол сұғуды көздейтін қоғамдық қауіпті, әрекетті түсіну. Экономика саласындағы қылмыстардың басым бөлігі қандай да бір компанияның қызметін бұзу және қаржылық пайда алу мақсатында жасалады.

Экономикалық салада жасалатын барлық қылмыстар қасақана сипатқа ие. Мұндай заң бұзушылықтардың негізгі белгілеріне келетін болсақ, қылмыстық іс-әрекеттердің жалпы көрінісін жасау міндетті түрде олардың субъектілері мен объектілерін бөліп алады.

Экономика саласындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана, заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сипатталады.

Экономиканың бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар кешені қаржы-экономикалық рыноктың сапалы тұрақтануын, әлеуметтік әділетсіздікті қалпына келтіруді және халықтың моральдық-этикалық қағидаттарын нығайтуды білдіреді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған қылмыс үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы айта кеткен жөн.

Жалпы, қоғаммен бірлесе отырып, қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Егер Сізде, экономикалық қылмыс деректері туралы ақпарат болса, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7182) 61-29-19 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.