Date of publication: 11.02.2019 17:17
Date of changing: 11.02.2019 17:20

Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы «Атамекен» Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілі мен кәсіпкерлік бөлімі, нарықта онлайн бақылау-кассалық машиналарды (бұдан әрі – БКМ), сондай-ақ POS-терминалдарды қолдануға көшу және заманауи форматтағы нарықты әкімшілендіруді жақсарту бойынша нарық басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел қатысушылары салық заңнамасындағы бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің өзгерістері туралы, деректерді беру функциясы бар БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166 бабына сәйкес өзгерістерді енгізу мерзімі мен БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 284 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік те қаралғанын талқылады.

Басқарма басшысы Мейрамбек Рахметов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы 2018 жылғы 16 ақпандағы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылғы 16 ақпанындағы            № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен таныстырып өтті. Оған сәйкес, 2019 жыл ішінде қызмет түрлерін тоқсан сайын кеңейту көзделген, оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер онлайн БКМ қолданады.  Ендеше 633 қызмет түрі ауыстырылады: 2019 жылғы 1 сәуірден бастап-323 қызмет түрі, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап-86 қызмет түрі, 2019 жылғы 1 қазаннан бастап -24 қызмет түрі.

Мейрамбек Рахметов өз сөзін қорытындылай келе, жиналғандарға іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдіріп,  бірқатар сұрақтарға жауап  пен түсініктеме берді.

Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы