Date of publication: 14.03.2019 15:30
Date of changing: 14.03.2019 15:32

«Эталондық өткізу пункті» Тұжырымдамасының арқасында мүмкін болады. Құжаттың негізі мақсаты қазақстандық өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыруында.

Соңғы жылдарды көлік ағымының өтуі ҚХР-дан 1,5-ға және Өзбекстаннан 2-ге артты және тиісінше осы елдермен тауар айналымы да өсті.

Көлік ағымының артуы шекарада тиісті жағдайлардың жасалуымен тікелей байланысты. «Эталондық өткізу пункті» Тұжырымдамасында негізігі акцент автокөлік құралдарының шекара арқылы уақытты мейлінше аз шығын етумен өтетін сияқты жағдай жасауға бағытталған.

Бүгінгі күнде шекарадағы инфрақұрылымы автомашиналардың өспелі ағынын бір қалыпты және жылдам өтуін жүзеге асыруға жол бермейді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының 60% астам ескірді (ИТК, рентгенаппараттар, салмақ өлшеу жабдықтары).

2018 жылғы маусымда Пекин қ. Негіздемелік келісімге қол қойылды, соның арқасында өткізу пункттерінде өткізу қабілеттілігін арттыру мәселесі 2 062 млн. юань сомасына Қытай Халық Республикасы беретін жеңілдетілген несие арқылы шешілетін болады.

9 автомобильдік және 1 теміржол өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жабдықтауды, сондай-ақ Бас диспетчерлік басқармасын техникалық (ситуациялық орталық) қайта жабдықтауды жүргізу жоспарлануда. Қазақстандық өткізу пункттері қозғалыс ағындарының міндетті физикалық бөлумен (қозғалыс сызықтарының қиылысынсыз) жайластырылатын болады. Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін техникалық бақылаудың Автоматтандырылған бірыңғай төте дәліздерін орнату жоспарлануда.

Жобаны іске асыру ағымдағы жылдың аяғында бастап және 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарларды өткізудің барлық кезендерін автоматтандыру кедендік әкімшілендіру деңгейін жоғарлатуға, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, бұл жалпы алғанда СЭҚ қатысушылардың қаржылық шығындарына оң әсер тигізеді және елдің транзиттік әлеуетін арттырады.