Date of publication: 15.03.2019 11:46
Date of changing: 15.03.2019 11:48

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей келесі салық есептілігін ұсыну қажет екендігін еске салады:

1) 2018 жылға  Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация СЕН 100.00, 110.00, 150.00;

2) 2018 жылға Жеке табыс салығы бойынша декларация СЕН 220.00, 240.00;

3) 2018 жылға Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация СЕН 230.00;

4) 2018 жылға Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация СЕН 700.00;

5) 2018 жылға  Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі СЕН 871.00;

6) 2018 жылға Тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация СЕН 912.00;

7)  2018 жылға Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация  СЕН 920.00;

8) 2018 жылдың 4-тоқсаны бойынша Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі СЕН 101.04.

Мерзімнің соңғы күні, яғни 2019 жылғы 31 наурызда демалыс күнге сәйкес келетінін ескере отырып, салық есептілігін табыс ету мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Электронды түрде декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.

Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын http://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.

Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда,  әрбір аумақтық  мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар  компьютерлерден  жіберу керек.

Салық есептілігін тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйелерге жүктеме жоғары болып, декларацияны тапсыру процесі айтарлықтай қиындайтындықтан,  декларацияны соңғы күндерге қалдырмай, алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.