Date of publication: 17.04.2019 10:11
Date of changing: 17.04.2019 10:12

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 191 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  2018 жылғы 13-ақпанында №175 бекітілген бұйрығындағы, сонымен қатар кедендік декларацияларды  мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғасымен толтыру Ережесіне сәйкес,  экспорт кеден ресімімен тауарларды орналастыруға байланысты транзиттік декларацияны, жолаушы кедендік декларациясын, көлік құралына декларацияларды сондай-ақ, кедендік операцияны жасау кезіндегі тауарлар декларациясын кеден органының лауазымды тұлғасымен толтыруға рұқсат береді.

Жоғарыда көрсетілген декларацияларды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғасымен (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) толтыру, декларант немесе тұлғаның, оның атынан немесе декларанттың (бұдан әрі - декларант) тапсырмасы бойынша  қызмет ететін, жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Өтінішті ұсыну мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелері арқылы рұқсат етіледі.

Декларант өтінішін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады, онда да нақты түрде декларацияланған тауарлар мен көлік құралдары да ұсынылады. Өтініш кез-келген түрде толтырылып, қолы мен тегі және датасы қойылады.

Тауарларға декларацияны толтыруға өтінішті ұсынған кезде, оған қоса құжаттар тізімінің екі данасы ұсынылады.

         Тауарлар декларациясы өтінішін қарау уақыты тапсырған уақытынан 4 сағаттан аспау қажет, тек жеке тұлғалардың  жолаушы кедендік декларациясын толтыруға ұсынылған өтініштеріне аталмыш норма қолданылмайы.

         Сонымен қатар, назарларыңызды аударамыз, кедендік декларацияларды тіркеу үшін, декларантта электронды цифрлік қолтаңбасы болу шарт.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті