Date of publication: 23.04.2019 11:09
Date of changing: 23.04.2019 11:12

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Ғалымбек Сәбитұлы Ілиясовты құрмет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Мереке барысын Департамент басшысының м.а. Әсем Шәкірова салтанатты түрде ашты.

  • Бүгін үлкен қобалжу және толқу күні, біз құрмет демалысына Ғалымбек Сәбитұлын шығарып салудамыз. Ол кеден жұйесінің құрылу басында тұрып, жылдар бойы алдына қойылған мақсаттарды асқақ абыроймен, ар-намысын биік ұстап жасай білді. Ғалымбек Сәбитұлы, Сіз әрқашан өскелең жасқа үлгі бола білдіңіз, өзіңіздің бар біліміңізбен, тәжірибеңізбен бөлісе білген жансыз. Осы абыроймен атқарған еңбегіңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіріп, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деді Әсем Шәкірова.

Әріптестерден көптеген ізгі тілектер мен құттықтаулар айтылды. Олар бір ауыздан оған, еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп қана қоймай, денсаулық, бақыт, ұзақ өмір мен туған ұжымды ұмытпауды тіледі.

Ду қол шапалақпен бірге, ардагерге шапан, алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар, ең басты сыйлық – есте қаларлық көптеген фотосүреттер мен бейнематериалдардан, құттықтаулар мен тілектерден құралған екі минифильм көпшілік назарына ұсынылды.

  • Кедендегі қызмет мені көптеген жақсы адамдармен ұштастырды. Мен өзімнің барлық белестерімді  - адал әріптестерім мен мықты басшылармен байланыстырамын. Бүгін Сіздерге құрметімді, ризашылығымды білдіргім келеді. Туған ұжымым мәңгі жүрегімде қалады деп, -  Департамент басшылары мен ұжымына Ғалымбек Сәбитұлы өзінің шексіз ризашылығын білдірді.  

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы