Date of publication: 23.04.2019 17:02
Date of changing: 23.04.2019 17:03

Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық даму өңірлік кеңселері (ИДӨК), Өңірлік оқу орталықтары (ӨОО) және Вице-төрағалар кеңселері басшыларының 14-ші жаһандық кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар 2019-2022 жылдарға арналған ДКҰ-ның жаңа стратегиялық жоспарымен оны жүзеге асырудағы ӨОО ның ролі, ИДӨК мен ӨОО арналған Озық тәжірибе бойынша нұсқаулыкпен сонымен қатар ДКҰ-ның институционалдық даму бойынша жаңа бағдарламаларымен танысты.

Жаһандық кездесуде ДКҰ Вице-төрағалар кеңселері, ИДӨК және ӨОО рөлі мен жауапкершілігі, ДКҰ стратегиялық жоспарына сәйкес өңірлік стратегиялық жоспарларды құру, әр түрлі өңірлердегі ДКҰ ӨОО қызметін ұйымдастыру және ИДӨК мен ӨОО арналған Озық тәжірибе бойынша нұсқаулықты жыл сайын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу басында жуықта құрылған екі ДКҰ ӨОО ұсынылды: Тунистегі ӨОО  және Қырғызстандағы ӨОО, сонымен бүкіл әлем бойынша ДКҰ ӨОО жалпы саны 28-ге жетті.

Кездесуге Қазақстан тарапын ҚР ҚМ МКК ОӘО Нұр-Сұлтан қаласындағы ӨОО ДКҰ қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Бейбіт Жәмиля Бейбітқызы қатысты.