Date of publication: 14.05.2019 16:59
Date of changing: 14.05.2019 17:00

2020 жылдан бастап көп балалы отбасының ата-аналарының біріне әрбір ай сайын 23-АЕК, отбасының әрбір ата-анасы үшін 12 АЕК салықтық шегерімдер беріледі, бірақ ата-аналардың екеуі үшін 282-АЕК-ден аспайтын мөлшерде белгіленген күнтізбелік жыл үшін жиынтық салық шегерімдері қарастырылған.

Аталған өзгертулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI (Салық кодексі) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған 347-бабымен қарастырылған.

Көпбалалы отбасылар күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары болған жағдайда, осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен растай отырып,салықтық шегерімдерді қолдана алады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салықтық шегерімдері қолдану туралы жеке тұлғаның өтінім нысаны бекітілді. Аталған салық өтінімін жұмыс берушіге (салық агентіне) ұсыну қажет.