Date of publication: 14.05.2019 17:03
Date of changing: 14.05.2019 17:04

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, өткізуден алынған айналым сомасы айналымның ең төменгі мөлшерінен (АЕК - тің 30 000 еселенген мөлшері) асатын ойын бизнесі салығын төлеушілері 2019 жылдың 1 қаңтарынан қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне жатады.

2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес – ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсететін  ҚҚС төлеушілерімен енген ҚҚС-ын есептеу және төлеу бойынша өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсетуден алынған айналым мөлшері казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету нәтижесінде алынған салық кезеңі ішіндегі кіріс сомасы бойынша анықталады. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы салық салынатын айналымнан ҚҚС сомасының 85 пайызы мөлшерінде анықталады.

Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін атқаратын ҚҚС төлеушілері Салық кодексінің «Ойын бизнесі салығы» 16-бөлім ережелеріне сәйкес салықтық есептілігін өткізеді, яғни, 710.00 нысанды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 710.00 салықтық есеп нысаны және оларды толтыру Қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ҚР Қаржы министрінің бұйрығы бекітілмегенін хабарлаймыз.

Назарларыңызды аударамыз,  ҚҚС бойынша салықтық міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін атқаратын ҚҚС төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы мен «Салық есептілігін өңдеу қызметі» ақпараттық жүйесінде 710.00 нысанының жаңа нұсқасы жарияланғанға дейін ҚҚС бойынша декларациясын (300.00 нысан) тапсыру қажеттілігін мәлімет ретінде хабарлауды тапсырамыз.

ҚҚС бойынша декларацияны (300.00 нысан) толтырған кезде, Салық кодексінің 381-бабының 16-тармағына сәйкес анықталған өткізу бойынша айналым 300.00.001 А жолында көрсетіледі, осындай айналымның ҚҚС сомасы 300.00.001 В жолында көрсетіледі.

Салық салынатын айналым бойынша (300.00.001 В)  ҚҚС сомасының 85 пайызы мөлшерінде анықталатын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы 300.00.025 II жолында көрсетіледі.

Салықтық кезең үшін есептелген ҚҚС сомасы салық салынатын айналым бойынша (300.00.001 В)  ҚҚС сомасы мен есепке жатқызылатын ҚҚС (300.00.025 II) сомасының айырмашылығы ретінде анықталып,  300.00.030 I жолында көрсетіледі.

Бұл ретте, аталған жаңа нұсқадағы салықтық есептілікті қайта тапсырудың қажеттілігі жоқ.