Date of publication: 16.05.2019 17:44
Date of changing: 16.05.2019 17:48

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер мен ЖОО студентттері арасында  жергілікті пікірталас сайысы  болып өтті.

Пікірталас сайысына Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасының бас маманы Галина  Романовская қатысып, 1 жүлделі орынға ие болды.

Пікірталас сайысының басты тақырыбы - «Адалдық пен заңның үстемдігі - табысты ұлттың кепілі» болса, мақсаты - әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша студенттердің хабардар болуы және тартылуы болып табылады.

Дебаттық ойындарға қатысу талдау және сыни ойлау, өз көзқарасында тұру, қарым-қатынас дағдыларын, шығармашылық қабілеттерді қолдау, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету қабілеті сияқты тиімді қызмет үшін маңызды болып табылатын икемді дағдыларды жақсартуға мүмкіндік берді.

Іс-шара ұйымдастырушылары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы».

Өңірлік турнир жеңімпазы, ең мықты пікірталастырушы Галина Романовская  Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ұйымдастырылатын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық ойындарға қатысады.

Әріптестер Галина Романовскаяны жеңіспен құттықтап, басқа биіктерді бағындыруды тілейді.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы Басқармасы