Date of publication: 10.06.2019 14:53
Date of changing: 13.06.2019 10:19

Ертіс ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - МКБ) республикалық «Түбіртек талап ет-жүлде ұтып ал» науқаны шеңберінде Ертіс ауылының мектеп еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Ертіс ауданы бойынша МКБ басшысы Мейрамбек Рахметов кездесу қатысушыларын акция мақсаты мен шарттарымен әрі акция өту мерзімімен таныстырып, күн сайын үстіміздегі жылдың 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында 100 смартфон ойнатылатынын хабарлады. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «Таңдау» бейнеролигі ұсынылды.

Кездесу соңында, Мейрамбек Рахимов азаматтық белсеңділікті танытып, акцияға белсеңді қатысуға шақырды.

Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы