Date of publication: 18.07.2019 18:53
Date of changing: 18.07.2019 18:54

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салық төлеушілермен қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (300.00 нысан) нөлдік көрсеткішпен табыстау жағдайлары жиіленгендігін хабарлайды.

ҚҚС бойынша есептілікте салық салынатын табысты толық емес көрсету түріндегі табысты жасыру (есептілікке табыс туралы әдейі бұрмаланған деректер көрсету) салық заңнамасын бұзу болып табылады және бұл үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Сондай-ақ, есептілікті көрсеткішсіз табыстау тәуекелдер санатын төменнен орташаға немесе жоғарыға көтерілуі арқылы ҚҚС төлеушінің тәуекел дәрежесінінің деңгейіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Салық заңнамасымен салық есептілігін табыстауды тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылғандығын қосымша хабарлайды. Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке тіркеу (1 күн ішінде) және ҚҚС бойынша есептен шығару (5 күн ішінде) рәсімдері анағұрлым оңайлатылған.

Жоғарыда көрсетілген тәуекелдерді болдырмау мақсатында ҚҚС бойынша есептілікті көрсеткішпен табыстауды немесе салық есептілігін табыстауды тоқтата тұру мүмкіндігін  пайдалануды немесе өз еркімен ҚҚС бойынша есептен шығаруды ұсынамыз.