Date of publication: 12.08.2019 10:56
Date of changing: 12.08.2019 11:02

 

 

 

   

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ОРГАНДАРЫНА 5 ЖЫЛ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының бірлескен конференциясы салық төлеушілердің қатысуымен 14 тамызда Нұр-сұлтан қаласында өтеді. Іс-шара ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына 5 жыл толуына орайластырылған.

Конференция жұмысы барысында салық заңнамасы мен ХҚЕС өзгерістерімен байланысты салық төлеушілер арасындағы концептуалды мәселелер қарастырылады.

Конференция бағдарламасында:

- ШОБ субъектілері, жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу барысы, оның ішінде: ШОБ субъектілерінің салықтық берешегі бойынша ағымдағы жағдай, ШОБ үшін де, жеке тұлғалар үшін де салықтық рақымшылық жасау шарттары мен артықшылықтары;

- Камералдық бақылау. Атап айтқанда, камералдық бақылауды жүргізу мақсаттары, ағымдағы жағдай, артықшылықтар;

- Электрондық шот-фактуралар: құру мақсаты, ағымдағы жағдай және артықшылықтары;

- Арнайы салық режимдері, оның ішінде: үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮКИЖ) енгізу мақсаты, ағымдағы жағдай, ынталандыру шаралары;

- Бақылау-кассалық аппараттар: БКМ енгізудің алғышарттары мен мақсаттары, ағымдағы жағдай, артықшылықтары;

- Электрондық кедендік декларациялау: өткізудің алғышарттары мен мақсаттары, ағымдағы жағдай, артықшылықтары;

- "АСТАНА-1" электронды кедендік декларациялаудың ақпараттық жүйесі.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстар бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, сыртқы-экономикалық қызметке қатысушылар және салық төлеушілер қатысады. Барлығы 1000 адам қатысу жоспарлануда.

 

Конференция жұмысына қатысу ТЕГІН

 

Іс-шараны өткізу күні: 14 тамыз 2019 жыл, 14:00 – 18:00

Өтетін орны: Нұр-сұлтан қ., Сауран к-сі, 44

Конгресс орталығы (ЭКСПО)