Жарияланған күні: 29.06.2017 10:47
Өзгертілген күні: 20.09.2018 11:32

Байгұрманов Ернұр Ерматұлы –  Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы  

1980 жылы 30 шілдеде Павлодар облысында дүниеге келді.

Білімі жоғары. 2000 жылы Павлодар университетін, қаржыгер-экономист біліктілігі бойынша бітірді.

2004 жылы Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институтында «Заңгер» біліктілігі бойынша  екінші жоғары білім алды.  

2018 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей ауылшаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 

 Еңбек жолы

2000 жылғы қыркүйектен бастап 2008 жылғы тамызға дейін Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті-маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы.

2010 жылғы ақпан айынан – Екібастұз қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары.

2010 жылғы қарашадан - Павлодар қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары.

2011 жылғы ақпан айынан – Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Қостанай қ. бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары.

2011 жылғы қазаннан бастап – Қостанай облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2013 жылғы наурыздан бастап– Павлодар облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2014 жылғы  4 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2017 жылғы  15 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Байгұрманов Ернұр Ерматұлына  2012 жылы «Салық қызметінің үздігі» атағы, 2016 жылы  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлы медалі берілді.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдары жүйесінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

 

Белгібаев Қуат Қуанышұлы -  Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

1977 жылы 27 ақпанда Астана қ. дүниеге келді.

Білімі жоғары. 2000 жылы Еуразиялық гуманитарлы институтын бітірді.

2006 жылы  Еуразиялық гуманитарлы институтында екінші жоғары білімді алды.

2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.  

Еңбек жолы

2000 жылғы желтоқсаннан 2001 жылғы ақпана дейін- Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс бойынша бөлімнің салық инспекторы.  

2001 жылғы ақпаннан бастап– Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалармен жұмыс бойынша бөлімінің маманы.

2001 жылғы қараша айынан бастап – Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің әкімшілендіру бөлімінің маманы.

2002 жылғы мамырдан бастап– Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалар салық төлеушілермен жұмыс бойынша бөлімінің маманы.

2003 жылғы мамырдан бастап  – Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалардың аудиті бөлімінің жетекші маманы.

2005 жылғы наурыздан бастап – Астана қ. Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің жеке кәсіпкерлердің ақпаратын өндеу және қабылдау бойынша бөлімінің бас маманы. 

2007 жылғы мамырдан бастап –– Астана қ.  Алматы ауданы Салық комитетінің акциздер бөлімінің бастығы.

2008 жылғы тамыздан бастап – Астана қ. бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының жеке тұлғалардың салықтық  аудиті бөлімінің бастығы. 

2009 жылғы мамырдан бастап – Астана қ. бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары.

2010 жылғы қыркүйектен бастап – МБА оқу.

2012 жылғы тамыздан бастап – Ақтөбе облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2014  жылғы қарашадан бастап – ҚР ҚМ МКК Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана жаңа қала» кедендік бақылау басқармасының басшысы  

2015 жылғы қаңтардан бастап – «ШЭру-77» ЖШС қаржы директоры

2017 жылғы қыркүйектен бастап – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснама департаментінің резидент еместерге салық салу басқармасы сарапшысының м.а.

2017 жылғы қазаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснама департаментінің резидент еместерге салық салу басқармасының сарапшысы

2018 жылғы қаңтардан бастап - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

 

Шәкірова Әсем Амангельдіқызы - Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

 1975 жылы 11 қарашада Ақмола облысы Степногорск қаласында дүниеге келді.

Білімі жоғары. 1994 жылы облыстық тұтыну кооперациясының  Ақмола кооперативті техникумын «сауда қызметкері» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Ш.Уалиханов атындағы Мемлекеттік университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:

1992 жылғы қыркүйектен бастап «Алмас» акционерлі қоғамының Ақсу бөлімшесінің қызметкері.  

2004 жылғы қарашадан бастап, Ақмола облысы Степногорск қаласының «АИЛФА» ЖШС  хатшысы, жетекші маманы.

2007 жылғы шілдеден бастап, Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақсу» кеден бекетінің маманы, аға маманы.

2011 жылғы шілдеден бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау  комитетінің «Достық» кеденінің аға маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы.  

2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап – ҚР ҚМ МКК Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

 

Базилов Ілияс Сағынтайұлы–Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

1976 жылы 20 мамырда Павлодар облысында дүниеге келді.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқытану» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі заңгер.

2017 жылы Еуразиялық инновациялық университетін бітірді -заңтану магистрі  

Еңбек жолы:

2000 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы шілдеге дейін-Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында қызмет етті.  

2012 жылғы шілдеден бастап 2014 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында қызмет етті.

2014 жылғы 18 қарашадан бастап- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің Жедел-іздестіру қызметі басқармасының басшысы.

2017 жылғы 14 шілдеден бастап  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің Жедел-іздестіру қызметі басқармасының іздестіру, жедел есепке алу және арнайы іс-шаралар бөлімінің басшысы.

2017 жылғы 12 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Отбасы жағдайы: үйленген, екі баланы тәрбиелеуде.