Жарияланған күні: 11.07.2019 18:24
Өзгертілген күні: 11.07.2019 18:26

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің мұрындық болып өткізіп отырған іс-шарасы.

Акцияның негізгі мақсаттары:

- тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың салық сауаттылығын дамытуға ықпал ету;

- тұрғындармен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру;

- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде сатып алу кезінде  азаматтардың өз мүдделерін қорғау мәселері бойынша құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;

- бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптары туралы салық төлеушілерді және  жұртшылықты хабардар ету;

- бақылау-кассалық машиналарды қолдану жолымен салықтөлеушілердің салық тәртібін арттыру арқылы бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;

- көлеңкелі экономиканың мөлшерін мейлінше қысқарту;

- кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ұстануға ынталандыру.

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатысу ережелері

Тауарды немесе қызметті сатып алыңыз да чекті талап етіңіз. Оны (чекті)  ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасына жүктеп, сақтаңыз. Ойынның барысын ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасы арқылы бақылап жүріңіз.

Акцияның шарттары

- Қатысушы тұлғаның жасы 18-ден төмен болмауы керек;

- Акция 2019 жылдың 1 мамырынан тамыз айының 8 кезеңінде өткізіледі;

- Акция Қазақстан Республикасының барлық өңірінде өткізіледі;

- Акцияға қатысушы мәртебесін алу үшін Play Market немесе App Store-ға «Таңдау» қосымшасын жүктеп және орнату қажет;

- «Таңдау» қосымшасында тауарларды немесе қызметтерді сатып-алу кезінде берілген фискалдық чекті сақтау міндетті;

- Акцияның жеңімпазы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

*Акцияға онлайн БҚМ (KKM) қолданумен шығарылған (берілген) фискалдық чектер қатысады;

**Жеңімпаздарға жүлделерді беру  ұтыс нәтижелері  бойынша жеңімпазды  анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Павлодар облысы бойынша мемлекетік кірістер Департаменті