Жарияланған күні: 18.06.2019 12:04
Өзгертілген күні: 18.06.2019 12:08

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР КК) 40-бабының 2-тармағының ережелеріне сәйкес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және халықаралық шарттар мен кедендік реттеу саласындағы актілерге сәйкес кеден органына ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес дербес жүзеге асырады.

Бұл ретте, тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы жүзеге асырады.

Кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмағаны анықтаған жағдайларда кеден органы тауарларды дербес сыныптауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №210 бұйрығымен бекітілген кағидаға (ҚР КК-нің 40-бабының 3-тармағына (1-тармақша) сәйкес Шешім қабылдайды.

Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер және ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер (бұдан әрі - ҚТСШ) қабылдау жолымен жүзеге асыра алады (ҚР КК 41-бабының 1-тармағы).

2019 жылдың 4 айында аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен 1080 сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданды. Сыныптау шешімдерін қабылдау бұл қызмет көрсету өте сұранысқа ие.

Негізінен сыныптау туралы алдын ала шешімдер дәрілік заттарға, әртүрлі түрдегі жабдықтарға, оның ішінде медициналық жабдықтарға қатысты қабылданады.

Осы кезеңде 18 ҚТСШ, бұл бизнестің жылыжайлар, зауыттар құрылысында және оларды қайта құруға белсенділігін білдіреді.

Одан бөлек, құрастырылмаған, жасалып бітпеген түрде жеткізілетін тауарларды декларациялаудың ерекшеліктері бизнеске декларациялаудың осындай тәртібінің есебінен қаржылық қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО СЭҚ ТН-ді біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары шешім қабылдай және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірме бере алады.

Бұл ретте, тауарлардың жекелеген түрлері деп тауарларды нақты атауымен, нақты маркаларымен, модельдерімен, артикулдарымен, модификацияларымен және СЭҚ ТН-ға сәйкес бір кодқа өзге де осындай дербес сипаттамаларымен жатқызуға мүмкіндік беретін жалпы сыныптау белгілері бар тауарлардың жиынтығы түсіндіріледі.

Сонымен, 2019 жылдың қаңтар – сәуірі кезеңінде тауарлардың 9 түрі бойынша түсіндірмелер (негізінен бұл дәрілік заттарды сыныптау бойынша түіндірмедер)  қабылданды және аумақтық органдарға жолданды.

Сонымен қатар, Одақтың аумағында бірдей тауарларды сыныптау біркелкі болмауы мүмкіндігі жағдайы да бар, яғни Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары бір тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН-ның әртүрлі сыныптау кодтарына жатқызуы мүмкін.

Істің мұндай қарқынына жол берілмеуі тиіс, себебі ол СЭҚ-ға қатысушыны тең емес жағдайға қояды, сауданың кедендік статистикасын бұрмалайды, статистикалық деректердің салыстырылымдығын төмендетеді, кедендік баждар ставкаларын және/немесе тыйым салулар мен шектеулерді дұрыс қолданбауға әкеп соғады.

ЕАЭО СЭҚ ТН-ды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету және тауарларды сыныптаудың даулы жағдайларын болдырмау мақсатында Комиссияға кеден органдарының ұсыныстары негізінде тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы және түсіндірмені, сондай-ақ кеден органдарымен қабылданған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерде және/немесе тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелерде тауарларды сыныптаудағы айырмашылықтар анықталған кезде өз бастамашылығы бойынша шешімді қабылдау жөнінде өкілеттіктер берілген.

Ағымдағы уақытта Комиссия жыл басынан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН-ның тауарларын сыныптау туралы 15 шешімді, ал 2010 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН-ның тауарларын сыныптау туралы шамамен 134 шешімдерді қабылданған.

Комиссияның мұндай шешімдерінің басты мақсаты Одақтың барлық аумағында бірдей тауарларды сыныптау кезінде біркелкі ұстанымды қабылдау болып табылады.

Еуразия экономикалық комиссиясымен қабылданған ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешімдерді мына сілтеме бойынша көруге болады. http://www.eurasiancommission.org/ru/act/tam_sotr/departament/KlassPoTNVED_TS/Pages/solutions.aspx