Жарияланған күні: 13.06.2019 17:30
Өзгертілген күні: 14.06.2019 12:56

Мемлекеттік қызмектер күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдармен және өңірлік  «Ертіс» телеарнасымен бірлесе отырып, «Менің ата-анам-мемлекеттік қызметшілер!» бейнероликтер байқауын ұйымдастырған.

Байқау мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, ата-ананың өз балаларына қамқорлық ету, соның ішінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

Конкурстын шарттары бойынша ата-анасы мемлекеттік қызметші болып табылатын балалар қысқа бейнероликтер жасап, ата-анасы туралы және олардын мамандықтарды туралы айтып, өздерінің тұрмыс-тіршілігін көрсетеді.

Конкурста Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің  бас маманы Асемгуль Аспандияровна Кулжанның балалары – Нұрханым мен Данияр Мұқатай қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Нұрханым мен Данияр құрметті 2 орынға ие болды.

Кулжан отбасын шын жүректен жеңіспен құттықтаймыз! Нұрханым мен Данияр, талаптарына нұр жаусын!

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы Басқармасы