Жарияланған күні: 18.05.2016 16:30
Өзгертілген күні: 18.05.2016 16:30

 «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) банкроттық рәсімін немесе оңалту рәсімін өткізу кезеңінде уәкілетті органда тіркелген әкімшіні тағайындау қарастырылған.

Әкімші ретінде тіркелу үшін біліктілік естихан тапсыру және Заңның 12-бабының 4 тармағында белгіленген рұқсат ету талаптарына сәйкес келу негіз болады.

Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар мыналар: 1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы; 2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 4) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы; 6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.

«Әкімші (уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетпен (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау Комитеттің кеңсесінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырылады және мына құжаттарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы диплом көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі); 3) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді: 1) компьютерлік тест тапсыру; 2) үміткердің емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.

Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.

Біліктілік емтиханды сәтті тапсырған үміткер уәкілетті органда «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тіркелуіне құқылы.

Үміткерлер тіркелу үшін өтінішке мына құжаттарды қосымша ұсынады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) біліктілік емтиханды тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің көшірмесі; 3) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынған соттылығының жоқтығы туралы анықтама; 4) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалар; 5) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.