Жарияланған күні: 11.10.2018 10:04
Өзгертілген күні: 11.10.2018 10:05

2018 жылдың 1 қазаңынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы 
№ 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Осы Бұйрық салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолданатын  қосымша 17 қызмет түрін қарастырады:

  1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
  2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу;
  3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату;
  4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату;
  5. Сусындарды көтерме саудада сату;
  6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату;
  7. Тоқыма бұйымдарын сату;
  8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату;
  9. Киімдерді сату;
  10.  Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату;
  11.  Сағат және зергерлік әшекейлерді сату;
  12.  Ломбард қызметі;
  13.  Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі;
  14.  Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
  15.  Жарнама агенттіктерінің қызметі;
  16.  Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;
  17.  Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі.

Осыған орай, жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн режимінде деректерді жіберіп отыратын бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.