Жарияланған күні: 18.04.2019 16:38
Өзгертілген күні: 18.04.2019 16:39

Павлодар  қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер  басқармасы  (бұдан әрі - МКБ) облыс орталығындағы сауда үйлері мен нарықтарда («Рахмет», «Асыл», «Затон», «Универсальный», «Манақбай, «Отау», «Караван», «Барыс», «Олжа») салық төлеушілерге арналған шығу семинарларын өткізді.

Ақшалай  есеп айырысу  кезінде  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды  қолдану шығу семинарларының басты тақырыбы болды.

   Семинарларды ашу барысында МКБ басшысының орынбасары Арлан Бекеев Казақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 Казақстан Республикасының аумағында  жүзеге  асыру кезінде салық  төлеушілер ақшалай  есеп айырысу  кезінде  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға кезең-кезеңімен көшуін бекіту туралы  бұйрығында  өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамызындағы №758 бұйрығы  күшіне енді. 

  Жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы Айман Орумбаева салық төлеушілерді онлайн-БКМ-ды қолданатын немесе  2019 жылдан бастап  қолданатын қызмет түрлерінің тізімімен таныстырды. «2019 жылдын  бастап онлайн-бақылау-кассалық  машиналарды қолдану  керек  адамдардың  тізімі тоқсан сайын кеңейтілді. Барлығы  633  қызмет түрі: 2019 жылғы  сәуірдің 01-нен бастап 323 қызмет түрі; 2019 жылғы  шілденің 01-нен бастап 86 қызмет түрі; 2019 жылғы  қазанның 01-нен бастап 224 қызмет түрі. Онлайн-бақылау -кассалық  машиналарды қолдану   жөніндегі  талаптар жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар  желісі жоқ аумақтарда  жұмыс  істейтін салық төлеушілерге  колданылмайды.

БКМ қолдану бойынша талап қандай  ақшалай есеп айырысуға  қолданылмайтыны туралы салықтық бақылау бөлімінің басшысы Серік Набиқазыұлы әңгімеледі.

Семинар  ішінде сөйлеушілер салытөлеушілердің барлық сұрақтарына  жауап  берді.

 

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті