Жарияланған күні: 17.04.2019 09:43
Өзгертілген күні: 17.04.2019 09:44

Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген жағдайда, берешек пайда болады, яғни негізгі төлем сомасына күнделікті өсімпұл есептеледі.

Жеке тұлғалардың жер мен мүлік салықтары бойынша төлеу мерзімі, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлеу қажет.

Көлік құралдары салықтың төлеу мерзімі  күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Екінші деңгейдегі банк қандай жағдайда шот ашпайды.

2018  жылдың 1 шілдесінен бастап корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндеттелген.

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар борышкерге шот ашудан басқа да банктік операцияларын жүргізуге Салық кодексінің нормаларымен тыим салынбайды.

Борышкер жеке тұлғаның қарызын өндіру.

Жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін, яғни 2 525 теңгеден және жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына, яғни сот орындаушыларға жібереді.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті