Жарияланған күні: 08.02.2019 16:26
Өзгертілген күні: 08.02.2019 16:29

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) хабарлайды. Қазіргі таңда елімізге кіргізілетін тауарларға кедендік бақылауды күшейту жұмыстары жүргізілуде. 

Тәуекел бейіндерін қолдану сұрақтары мен әкелінетін тауарларға кедендік әкімшілендіруді өткізу сапасы бойынша алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша ҚХР аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды декларациялау ақпаратқа сай емес, сонымен қатар әкелінетін тауарлардың кедендік құны едеуір төмендетілген. Алдын-ала бағалау есептемесіне сәйкес бюджет шығыны 200 млрд. теңгені құрайды.

Осы тұста, аталмыш фактілерді төмендету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесінде қосымша профильдер әзірленген.

Осыған байланысты, импорттың едәуір бөлшегі ҚХР аумағынан әкелетін  СЭҚ қатысушылары болып табылатындарға қатысты салықтық тексерістер басталды. Тексерістер барысында салықтарды төлемеу немесе  бас тарту схемалары әшкереленіп, олар қасақана жалтару белгілері болып танылды. 

Өткен кезеңдерде ірі импотерлер қатарында болған субъектілердің басым бөлігі қазіргі таңда іздеуде, сондықтан мұның барлығы олардың жалған қызмет атқарғандарын көрсетеді. Одан басқа, үстіміздегі бақылау кезінде, шаруашылық қызметке қатыспайтын, жалған тұлғаларға тіркелген СЭҚ қатысушылары – заңды тұлғалар әшкере болды.

Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табуда.    

Жалпы, жасалған іс-шаралардың барлығы  - көлеңкелі экономика көлемін төмендету мен бәсекелестік жағдайларды бірдей шарттарда қамтамасыз ету болып табылады.

Бақылауды күшейту – қызметін адал жүргізетін бизнес субъектілеріне жатпайды.

Біз, кеден заңнамасын сұрақтары және Комитеттің ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша белсеңділік танытқан СЭҚ қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.

Департамент  сындарлы диалог құруға әрқашан ашық. Туындаған сұрақтар бойынша Астана к., 57 мекен-жайы мен 8 (7182) 32-08-69;  8 (7182) 32-38-01; 8 (7182) 63-22-77 телефондары бойынша Департаментке хабарласуға болады.