Жарияланған күні: 14.06.2019 13:19
Өзгертілген күні: 14.06.2019 13:24

ҚР «Банкроттық және оңалту туралы» Заңнын (әрі қарай – Заң) 4 б. сәйкес:

Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.

Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.

Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.

Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi басталған, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.

Одан әрі, Заңнын 6 б. әдейi және жалған банкроттық үшін жауаптылық:

Борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейi банкроттық үшiн дәрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады.

Банкроттың лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi әкеп соқтырғаны үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi.

Егер борышкер сотқа банкрот деп тану туралы өтінішті жалған банкроттық мақсатында берсе, онда кредиторлар борышкерден келтiрiлген залалды өтеудi талап етуге және осындай шешім қабылдаған адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Банкроттықты басқарушы банкроттық рәсімі барысында әдейі банкроттық фактілері анықталған жағдайда, бір ай мерзімде банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы осындай тұлғаға қатысты қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті, ал кредиторлар осылай етуге құқылы.

Әкімші әдейi немесе жалған банкроттық белгiлерi анықталған кезден бастап бір ай мерзімде, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негізде прокурордың өтініші бойынша банкрот деп танылған жағдайларда, тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті