Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) мемлекеттiк сатып алуы - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ ҚР азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушілердiң ақылы негiзде сатып алуы. Электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай нүкте қатынасын ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе мемлекеттік сатып алудың веб-порталы болып табылады (бұдан әрі - Портал).

 

Порталда электрондық сатып алу үш модульге бөлінеді: «Баға ұсыныстары» модулі, «Конкурс және Аукцион» модулі және «МС субъектілері болып табылмайтындар үшін» модуль.

Электрондық мемлекеттік сатып алуда қатысу үшін:

Ұлттық куәландыру орталығында электрондық сертификаттарды алу.

Пайдаланушы ретінде тіркелу және «Баға ұсыныстары», «Конкурс және Аукцион», «МС субъектілері болып табылмайтындар үшін» модулінде қатысушы ретінде өз ұйымыңызды тіркеу.

Сертификат бойынша қажетті модульге кіру және электрондық мемлекеттік сатып алуда қатысу талап етіледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің  жүргізілген ашық конкурстар, сондай-ақ  ведомстволық бағынысты ұйымдармен оларды өткізудің шарттары, оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу тәртібі; конкурстық комиссия отырысының хаттамалары, қабылданған шешімге қарсылығы, шағымы, конкурстың нәтижесін қосқанда http://www.goszakup.gov.kz  мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылған.