Дата публикации: 19.09.2017 09:37
Дата изменения: 19.09.2017 09:37

                                                                 «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін

         Кедендік әкімшілендіру жұмысындағы бүгінгі күнге маңызды мәселелердің бірі болып, тауар декларациясын тапсырғанда «адам факторын» болдырмау мақсатында электронды декларациялауды енгізу болып отыр. Осы электронды декларациялауды енгізу үшін кедендік және салықтық әкімшілендіруге «АСТАНА-1» интеграцияланған автоматтық ақпарат жүйесі енгізілді.  

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі Дүниежүзілік сауда үйінің нормаларына сәйкес келетін ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған және 90-нан аса мемлекеттерде қолданылады.

 «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап тұрған 5 кедендік жүйенің басын құрайды және уәкілетті органдардың жүйелерімен интеграцияланады, яғни құжаттарды алдын ала қағаз жүзінде тапсырмай ақ тауарлар декларациясын электронды түрде тапсыруға мүмкіндік туғызады.

Тауарлар декларациясын электронды түрде тапсырғанда онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беру қажет емес. Айта кететін жағдай, тауарлардың негізгі бөлігі қауіпті басқару жүйесі арқылы тексеріліп, оның барысында қауіп анықталмаған жағдайда, тауарлар автоматты түрде, лауазымды тұлғаның қатысуынсыз ақ, шығарыла береді.

Сонымен қатар, электронды декларациялауға көшу кедендік құнды және тауарларды классификациялауды кедендік бақылауды тауарларды шығарудан кейін жасау арқылы тауарларды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. 

Құрметті салық төлеушілер – сыртқы экономика қызметіне қатысушылар, осы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізуге  байланысты, Сіздерге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеке шоттарыңыз бойынша салыстырма, яғни акт сверки, жасау қажеттігін естеріңізге саламыз. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.