Дата публикации: 19.09.2017 09:40
Дата изменения: 19.09.2017 09:40

Уәкілетті экономикалық оператор

Сыртқы экономикалық айналымды ынталандыру мақсатында, ірі компаниялардың жұмысын жеңілдету үшін кеден органдары «уәкілетті экономикалық оператор» статусын енгізу сияқты шаралар қолдануда. Уәкілетті экономикалық оператор дегеніміз, кедендік операцияларды жүргізгенде қаржылық және уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік туғызатын арнаулы жеңілдетілген процедуралар берілген заңды тұлғалардың белгілі бір категориясы.

Уәкілетті экономикалық оператор статусын Мемлекеттік кірістер комитеті заңды тұлғаға Уәкілетті экономикалық операторлар Реестріне тіркелгені туралы куәлік тапсыру арқылы береді.

Отандық заңнамаларда Уәкілетті экономикалық оператор статусы жаңалық және ол Кедендік процедураларды жеңілдету туралы Халықаралық конвенциияға сәйкес жасалынды.

Кеден органдары мен бизнес-қоғамдастықтың арасындағы серіктестіктің негізгі талаптарының бірі болып сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы статусты беру  табылады. Бұндай статусты алғандар сыртқы экономикалық қызметінде едәуір жеңілдіктерге ие болады, мысалы: - Біріншіден – тауарларды декларацияны ұсынбау тұрып ақ шығару мүмкіндігі, Екіншіден – тауарларды уақытша сақтау оператордың өз ғимараттарында немесе өз аймағында сақтау және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу мүмкіндігі, Үшіншіден – кедендік транзитте кедендік баж бен салықтарды қамтамасыз етуді тапсырудың болмауы.

Осының нәтижесінде, кедендің шекарадан өту процедурасы қысқарады, қаржылық шығын азаяды, тауарды декларация тапсырмай тұрып пайдалану, алдын ала және электронды декларациялау мүмкіндігі, транзитте қамтамасыз етпеу, құжат айналымының қысқаруы, тасымал маршрутын белгілемеу, пилоттық жобаға кезексіз қатысу, азғантай көлемдегі құжаттар мен кедендік баж бен салықтарды 40 күнге бөгеп төлеу сияқты мүмкіндіктер туады. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.