Дата публикации: 06.09.2016 14:46
Дата изменения: 06.10.2016 13:01

1. Өткізу орны: Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 57.

2. Өткізу күндері: 2016жылғы 14 және 28қазан.

3. Тестілеу уақытының басталуы: сағат 15сағ.00мин.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 2015 жылғы 31наурыздағы №238 бұйрығына сәйкес емтиханға кіру үшін рұқсаттар бойынша шарттар:

Үміткер, кеден органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күн бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:

1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары немесе техникалық және кәсіби білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) көлемі 3,5 x 4,5 сантиметр екі түрлі-түсті суретін қоса береді.

Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге жеке басын растайтын құжатты (жеке куәлік немесе төлқұжат) әкелуі қажет.

Егер, осы ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, үміткердің өтініші қараусыз қалдырылады және өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қайтарып беріледі.

Емтиханға жіберілген үміткер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Кеден одағының заңнамасын білуде  тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өтпеген жағдайда, тұлға алғашқы тестілеу өткен сәттен бастап кемінде бір ай мерзім өткеннен кейін ғана қайтадан аттестациялауға рұқсат алу туралы өтініш береді.

5. Қаржы министрінің 2015 жылғы 31наурыздағы №238 бұйрығына сәйкес біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен талаптары:

1) Үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;

2) үміткер тест үшін белгіленген бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын, кездейсоқ санды іріктеу әдісімен анықталатын 60 сұрақтан тұратын тестілеуден өтеді. Әрбір дұрыс жауапқа бір балл есептелінеді. Тестілеуді өткізу уақыты 45 минутты құрайды;

3) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;

4) тестілеудің дұрыс жауаптарының нәтижесі пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

 Егер, дұрыс жауаптар ұсынылған сұрақтардың жалпы санының  60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.

Тестілеудің  нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою арқылы үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.

Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы біліктілік емтиханын өткізген кеден органында қалады.