Date of publication: 23.02.2023 20:04
Date of changing: 23.02.2023 20:05

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі – Департамент) күн сайын жалпыға бірдей декларациялауды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Департамент қызметкерлері осы жұмыс шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне кірген Облыстың еңбек ұжымдары үшін-білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары үшін көшпелі семинарлар өткізеді. Жыл басынан бері осындай 100-ге жуық кездесу өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары кірді.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы