
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Есенгелди Кадриннің қатысуымен Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен шекарасында экспорттық бақылау мәселелері бойынша брифинг өтті.
ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы БАҚ өкілдерін Департаменттің экспорттық-импорттық операцияларды бақылау саласындағы жұмысымен таныстырды. Мәселен, шаруа қожалықтарының электрондық шот-фактураларды заңсыз жазу фактілеріне жүргізілген талдау барысында 2022 жылы сот органдарына 44,5 млрд.теңге сомасына жалған мәмілелер деп тану бойынша 45 талап-арыз жолданды. Сот жолданған барлық талаптарды қанағаттандырды. Жалған шот-фактуралар бойынша материалдар Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді (ЭТД), нәтижесінде 8 қылмыстық іс қозғалды. Жоғарыда аталған барлық қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері шығарылды, барлық айыпталушылар сотталды.
Сондай-ақ, Есенгелди Кадрин БАҚ өкілдерінің назарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау үшін ресейлік астықтың "сұр импорты" схемаларына аударды және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды салық және кеден заңнамасын сақтауға шақырды.
Брифингке Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің өкілдері де қатысты.
БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы
Павлодарской области.
На все вопросы представителей СМИ были даны ответы.
Управление разъяснительной работы ДГД по Павлодарской области