Date of publication: 01.03.2023 14:00
Date of changing: 01.03.2023 14:01

Құрметті салық төлеушілер!

 

         2023 жылғы 2 наурызда сағат 10.00-да "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" тақырыбында семинар өтеді.

         Семинар Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.

         Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қатысады.

         Құрметті павлодарлықтар, сіздерді семинарға қатысуға және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері бойынша сұрақтарға жауап алуға шақырамыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы