Date of publication: 20.05.2026 12:32
Date of changing: 20.05.2026 12:35

«Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларация» модулі табысты жұмыс істеуде. Бұл функционал цифрландыруға, кедендік рәсімдерді оңайлатуға және құжаттамамен жұмыс істеудің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Модульдің негізгі мүмкіндіктері:

- VIN-код бойынша көлік құралдарының кедендік тазартудан өту фактісін қарау функциясы іске асырылды. Тексеру тауарларға арналған декларацияны, сондай-ақ жолаушылардың кедендік декларациясын қолдана отырып ресімделген автомобильдер үшін қолжетімді.

- Лауазымды тұлғалар мен уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) иелері кедендік декларациялардың мәртебелерін жедел түрде салыстырып тексеріп, тиісті құжаттардың қозғалысын қадағалай алады.

- Тауарларға арналған декларацияны басып шығарған кезде құжатта QR-код қалыптасады. Оның көмегімен кез келген мобильді құрылғыдан декларацияның өзекті мәртебесін лезде тексеруге болады.

Пайдаланушыларға кешенді ыңғайлылық жасау үшін «Keden» жүйесінде маңызды дерекқорлар мен тізілімдерге бірыңғай қолжетімділік қамтамасыз етілген:

- Арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтардың тізілімдері.

- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізілімі.

- Зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі.

- Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі.

- Құжаттар мен лицензиялардың бірыңғай базасы.

- Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың және техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу субъектілерінің тізілімі.

- Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер.

«Keden» АЖ-ның жаңартылған функционалы сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына құжаттарды және кедендік тазарту мәртебесін тексеруге кететін уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасы