Date of publication: 28.08.2017 15:44
Date of changing: 29.08.2017 17:29

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігімін бірге жоба енгізді, оның шеңберінде 1414 бірыңғай контакт-орталық  базасында кеңестер тек қана мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша емес, сондай-ақ «Жеке тұлғалардың кірістерін және мүлігін жалпыға бірдей декларациялау», «Электрондық шот-фактураларды қолдану туралы», «ДСҰ төмендетілген баж ставкасы қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін Тізімдегі тауарлардың өткізу тәртібі» сияқты ең өзекті мәселелер бойынша беріледі.