Date of publication: 14.04.2015 17:59
Date of changing: 14.04.2015 17:59

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүліктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі мүліктерді, заңдастыру акциясының басталғанын естеріңізге салады. Акция 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Азаматтарға еліміздің аумағындағы және шет елдердегі мүліктерін заңды айналымға енгізуге мүмкіндік туды. Бұл шара әрі қарай азаматтарға заңдастырылған мүліктен заңды табыс табуға мүмкіндік береді.

Мүліктерді заңдастыру бойынша толық ақпаратты келесі жерлерден алуға болады:

- Қазақстан Республикасы аумағындағы мүліктерді (соның ішінде заңды түрде рәсімделген жер учаскесінде салынған, бірақ әлі заңдастырылмаған, құрылыс объектілерін де) заңдастыру бойынша – қалалар мен аудандардың әкімдіктері жанындағы комиссияға;

- шет елдердегі мүліктерді заңдастыру бойынша – тұрғылықты жері бойынша қалалар мен аудандардағы мемлекеттік кірістер басқармаларына;

- ақшаны заңдастыру бойынша – Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің Павлодар филиалына.

Анықтама үшін телефон - 8 (7182) 32-39-48,  32-16-31