Date of publication: 22.09.2023 17:48
Date of changing: 22.09.2023 17:51

Қазақстанда кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталды. Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және  жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі:

- бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары үшін декларациялау басталды;

- екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары декларациялай бастады;

- үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;

- төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы