Date of publication: 27.09.2023 18:06
Date of changing: 27.09.2023 18:07

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 5 кәсіпкерлік субъектісінде қасақана банкроттық белгілерін анықтады.

Кәсіпкерлер қасақана банкроттыққа ұшырады, яғни олардың іс-әрекеттерінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы несие берушілер алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару байқалады.

Қазіргі уақытта 4 кәсіпорын "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 182-бабы (қасақана банкроттық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 4 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Кәсіпкерліктің 1 субъектісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 238-бабы (қасақана банкроттық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді. 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы