Date of publication: 27.09.2023 18:15
Date of changing: 27.09.2023 18:17

        Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

         Кездесудің негізгі мақсаты "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Жолдауы аясында мемлекет басшысының мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойған негізгі жағдайлары мен міндеттерін түсіндіру болды.

         Салықтық әкімшілендірудің, салық ставкалары мен салық есептілігі нысандарының өзгеруі, ең төменгі жалақы өсуінің салық салуға әсер етуі, шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында ақпараттық технологияларды қолдану – осы және басқа да мәселелер кездесу барысында талқыланды.

         Кездесу диалог форматында өтті, іс-шараға қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы