Date of publication: 29.09.2023 14:28
Date of changing: 29.09.2023 14:29

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2023 жылдың басынан бастап 3,5 млрд. теңгеден астам салық берешегін өндіріп алды.

    Мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемелері мерзімінде орындалмаған жағдайда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

    Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету үшін салық органдары төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеуді жүргізеді, банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады, мүлікке билік етуді шектейді.

    Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу келесі тәртіппен жүргізіледі: банк шоттарындағы ақша есебінен, дебиторлардың шоттарынан, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде билік етуі шектелген мүлікті сату есебінен.

    Құрметті салық төлеушілер, Сіздерді салықтарды төлеу бойынша конституциялық міндетті уақтылы орындауға шақырамыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы