Date of publication: 29.09.2023 18:38
Date of changing: 29.09.2023 18:39

Парламент Мәжілісінің "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаттары Павлодар облысының бизнесі мен мемлекеттік органдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, оның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында салық саясатын талқылау болды.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің таяу болашаққа дамуының маңызды аспектілерін баяндады. Алдағы реформалардың ішінде Мемлекет басшысы салық салуды жетілдіру және бизнесті дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды нақты айтты. Салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуалды құруға, бизнесті дамытуды ынталандыруға, бәсекелестікті дамытуға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және халықтың экономикалық белсенділігін арттыруға әсер етуі тиіс, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Рысбек Минаймбеков.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мемлекеттік органдар мен бизнестің қарым-қатынасының бұл түрі проблемалық мәселелерді тереңірек және нақты қарауға мүмкіндік береді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы