Date of publication: 06.10.2023 15:46
Date of changing: 06.10.2023 15:47

Ағымдағы жылы 25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты
8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефондар арқылы алуға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы